Құдай адамдарға жаман өмір бермейді, жаман таңдаулармен адам өмірін өзі құртады.
Адасып жүрмін деп көп ойланатын болыппын. Жұмыс жасаудан қашып, кездесулерден қашып, өмірден емес, өз-өзімнің таңдауымнан таяқ жеп жүрген сияқтымын. Бірақ таяғымнан әлі өлген жоқпын🥹
Өмірім сондай қызық, күн сайын нешетүрлі адамдармен танысамын, жұмыс жасайсын. Сол үшін қазір маған ыңғайсыз болса да, барлығы қатты қатты ұнайды.
біздің қазіргі көңіл күйіміз,көзіміздің көріп тұрғаны, жанымыздың сезіп тұрғаны барлығы да осы сәт, осы шақ. Осы шақпен өмір сүріп, осы шақтың біздің нағыз бағалы уақытымыз екенін түсіне білуіміз керек. Шыны керек, кейде біздер өткен күнге қайта оралғымыз келіп, я болмаса болашаққа асығып жатамыз. Бірақ, бүгін ше? Бүгінгі күнді қалай қадірлемеуге болады? Бір күндері осы күнге де асыққанбыз, және ертең осы күндерді сағынатын боламыз. Соны ұмытпағанымыз жөн. Дәл бүгін! Дәл қазір! Дәл осы сәтте қуанып, түрлі эмоцияларға бөленіп, махаббатымызды сездіріп үйренейік! Осы шақтың әрбір керемет сәті Жаратқанның бізге деген үлкен сыйы.
süy, bil, kör de qateles, dım wayımdama.