Мектептің соңғы қоңырауы біздер үшін бүгін сыңғырлады..
Қазір көңіл күйім құбылмалы, қуанышта та бар сағынышта бар. Бірақ осы күнді асыға күткенім рас.
Бүгін 414-ші кабинетімізге басқа көзбен қарадым, өте жылы, өте көп естеліктер, бірінші таныстықтан бастап, соңғы сынып сағатына дейін... алда әлі гос, ұбт, аттестация болғаныменен, соңғы қоңырауыдың, қоштасу өлеңдері мен вальстің орны бөлек. Мектеп бізді 11 жыл құшағында ұстап, үлкен өмірге жол сілтеді... Қазіргі күн екінші рет қайталанбайды.. Бұл жерде әлі талай тарих жазылады... Талай кешігулер, бжб, тжблар, Орал ұстаз әлі талай сабақтар өтеді.
Енді Аружан қай пәннін, қай кабинетте өтетіні жайында уайымдамайды да, сұрамайды да ( 3 жыл оқысам да, кабинеттерді жаттау ойыма келмепті ). Мектептің атынан олимпиадаларға бармайды, проект үшін ноутбук сұрамайды.. Айгүл ұстаздың сабақтарына қорқынышпен дайындалмайды.. Күнделік онлайн болғаныменен, оны ашып әуреленбейді..
Әрине бұның бәрі өз кезегінде өзге заттармен алмасады.. Өзге белестермен, өзге сабақтармен, он алда көреміз. Оның да өз уақыты бар!
Менімен бұл жолды өткен ата-анама, сынып жетекшіме, мұғалімдерге, сыныптастарыма, барша барша жақын адамдарыма алғыс білдіремін!! Мен үшін маңызды күнде мені құттықтап, жылы тілектер айтып... Мәңгі есте сақтаймын, көп көп рахмет!!