Бұл — кешігіп шыққан пост, бірақ шын жүректен.
Көпшілігіңіз білесіздер, мен YEMAA Art Space командасынан күздің басында кеткен едім.
Бірақ өзім әлі сене алар емеспін — арада жарты жылдай уақыт өтіпті!
Мен YEMAA-ның, сондай-ақ Малика Уразғалиева @malika_urazgaliyeva мен Әсел Ахметжанова @kaztemporaryart сияқты шығармашыл жандардың командасының бір бөлігі болғаныма шын қуаныштымын. Special thanks for you bosses 🙌❤️
Креатив индустриясына деген қызығушылығым дәл сол кезде — резиденциямен жұмыс істеген сәттен басталды. Бұл қызығушылық әлі күнге дейін менімен бірге және ешқашан өшкен емес.
YEMAA-да мен өстім, үйрендім, шабыттандым.
Керемет адамдармен жұмыс істедім, талантты суретшілермен таныстым. Үлкен және маңызды көрмелердің бір бөлшегі болу — мен үшін үлкен мақтаныш пен ары-қарай дами беруге түрткі болды. Мен өзімнің әріптестеріме үлкен алғыс айтқым келеді, бір бірімізді керек кезде қолдап, әр резиденцияны, көрмені керемет өткізіп шықтық деп ойлаймын. Рахмет❤️ @diash.aliyeva@arualaya@merei_malikqyzy@jazzzlazyass@madin.taskali