15 апреля 2026 года в KazGASA (Алматы) состоялось заседание УМО РУМС МНВО РК по направлениям «Архитектура и строительство» и «Искусство (Мода, Дизайн)».
Заведующая кафедрой «Дизайн и инжененрная графика» ЕНУ им. Л.Н. Гумилёва Жанар Талгатовна Омарова приняла участие в пленарных и секционных заседаниях, посвящённых цифровизации образования и внедрению искусственного интеллекта в подготовку архитекторов и дизайнеров.
В рамках мероприятия обсуждены актуальные вопросы трансформации образовательных программ, развитие цифровых компетенций и взаимодействие с индустрией.
Также в этот день прошёл XII Международный фестиваль архитектурно-строительных и дизайнерских школ Евразии, где были представлены лучшие выпускные работы. В рамках XII Международного фестиваля студенты кафедры «Дизайн и инженерная графика» показали высокие результаты:
Диплом III степени (магистратура) — Тулебаева Аида (научный руководитель: Садыкова Ж.М.)
Дипломы III степени (бакалавриат):
— Қайратқызы Нұрайым (рук. Ералы Э.Ә.)
— Ермекова Жанель (рук. Абдрашитова Т.А.)
Поздравляем студентов и научных руководителей с достойным результатом на международном уровне!
@enugumilyov_official@nauka_enu@csd_enu
#ЕНУ
III- МЕЖДУНАРОДНЫЙ СИМПОЗИУМ : "ТРАДИЦИОННАЯ КУЛЬТУРА И ИСКУССТВО: СОХРАНЕНИЕ , ИССЛЕДОВАНИЕ , ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ" в Кыргызской Республике в Научно- исследовательском центре традиционной культуры и искусства при Национальной Академии Наук в г. БИШКЕК.
Активное участие принимали деятели культуры, искусства и дизайнерского творчества Казахстана:
1. АСЫЛХАНОВ ЕрмекСабырұлы- профессор искусств, деятель культуры Казахстана, профессор кафедры:" Дизайн" Евразийского университета имени Л.Н. Гумилёва;
25-го апреля 2026 года.
27 сәуір күні «Графикалық дизайн» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің «Болашақтан келген бейнелер» / «Future Nomads» тақырыбындағы шығармашылық көрмесі өтті.
Көрмеде жас дизайнерлердің этно стильде орындалған, ұлттық дәстүр мен заманауи көзқарасты ұштастырған ерекше туындылары ұсынылды. Әрбір жұмыс – болашақ пен өткеннің үйлесімін бейнелейтін тың идеялар мен терең мағынаның көрінісі.
Аға оқытушы Р.Т. Болысбекованың жетекшілігімен студенттер қылқалам арқылы өз қиялын кенеп бетіне түсіріп, ұлттық мәдениетті жаңа қырынан танытты. Көрме барысында көрермендер жас таланттардың шығармашылығына жоғары баға беріп, ерекше әсер алды.
✨ Өнер – ұлттың рухани айнасы.
✨ Болашаққа бағдар – дәстүрден бастау алады.
#графикалықдизайн #FutureNomads #этностиль #жасталанттар #өнер дизайн көрме
24 сәуір күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде өткен "Дизайн" бағыты бойынша республикалық студенттер олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға кафедрамыздың 3,4 курс студенттері қатысты. Оның ішінде "Графикалық дизайн" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Тілепалды Аянат жүлделі 3ші орынды жеңіп алды. Жетекшісі аға оқытушысы Ш.М.Тусупбекова.
Олимпиадаға қатысып белсенділік танытқан студенттерімізге Алғыс білдіреміз! Жарқын болашақ пен сәттілік тілейміз!
#Олимпиада2026
#ЕНУ
#дизайн
Университетімізде сенді күні "Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік өтті. Оқу ғимараттарының ауласын қоқыстан тазартып тал егілді.
Сенбілікке факультетіміздің және Дизайн және инженерлік графика кафедрасының ПОҚ мен студенттері белсене қатысты. Атап айтқанда аға оқытушы Р.Т.Болысбекова кураторлық тобы "Сәулеттік дизайн" және "Графикалық дизайн" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен бірлесе отырып оқу ғимаратының ауласын тазалау жұмыстарына атсалысты.
#ТазаҚазақстан #ЕНУ
24 сәуірде университетіміздің бас ғимаратында "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі" өтті.
Жәрмеңкеге Сәулеттік дизайн және Графикалық дизайн білім беру бағдарламасының түлектері қатысты. Түлектер жұмыс берушілерге өздерінің түйіндемелерін ұсынды. Мұндай іс-шара түлектертерді еңбек нарығына бейімдеуге үлкен үлес қосады.
Аталған іс-шарада белсенділік танытып жұмыс берушілермен түлектерді қатысысуға ықпал еткен "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасының аға оқытушысы Г.Б. Рахимжановаға Басқарма мүшесі академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.Бейсенбайдың Алғыс хатымен марапатталды.
☘️Өнер мен психология тоғысуы
2026 жылдың 20 сәуірінде СҚФ ғимаратында «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасында «Түстану» пәнінен шығармашылық кездесу сабағы өтті. Бұл күндегі пән уақытша жан мен түс арасындағы шынайы диалогқа айналды. Әдетте, пішіндер мен сызбалар басым болатын аудиторияда, дәл сол күні сезімдердің, ассоциациялардың және ішкі күйдің жандануы болды.
B031-2121-25-01 (03) және B031-2120-25-01 топтарының бірінші курс студенттері мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психологиялық қолдау орталығының кеңесші-психологы Есмағамбет Әдемау Айтжанқызының (@enu_psy ) арасындағы кездесу өнер мен психология тоғысқан ерекше іс-шараға айналды. Білім алушыларға тек шығармашылық тапсырма ғана емес, сонымен бірге әркімнің ішкі түстанымына саяхаттауды ұсынып, бейресми кездесуді ұйымдастырған кафедра аға оқытушысы Ералы Эльмира Әнурабекқызы.
Студенттердің ұсынған бірінші тапсырмалары шынайы, әрі ерекше шыққан: білім алушыларға берілген суреттерге қарап, үш түрлі эмоцияны образдар арқылы жеткізу талап етілген – бұл тапсырмада сөзбен емес, бейнелермен, пішіндермен және әр түрлі түстермен орындау ұсынылған. Олар өз триптихтерінде бейнелеген 3 түрлі эмоцияларында сызықтарды дауысқа, ал түстерді – ішкі әлемнің тынысына айналдырған. Екінші тапсырмаларында жыл мезгілдерін бейнелеу арқылы білім алушылар ішкі сезімдерге одан да тереңірек үңіліп – табиғат ырғағына еніп кеткендей әсер қалдырды. Әрбір мезгіл – көктем, жаз, күз және қыс – бір жанның төрт көңіл-күйі сияқты төрт түс тобы арқылы ашқан. Студенттер таныс сызықтар бойынша түстің жаңа көріністерін іздеп, таңдалған бейнелер мен көріністерді түс бергенде толығымен өзгеріске енуге мүмкіндік ашқандай әсер қалдырды.
@enu_psu
«Ұлттық өнер - ұрпаққа мұра» атты сабақ дәстүрлі емес сабақ өтті
Сәуір айының 14 жұлдызында «Графикалық дизайн» білім беру бағдарламасы, граф.диз-31 тобында п.ғ.д., асс. профессор Т.К.Самуратова «Этнодизайн» пәнінен «Ұлттық өнер - ұрпаққа мұра» тақырыбында дәстүрлі емес сабақ жүргізді. Сабақ қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттауға бағытталды. Іс-шара ерекше атмосферада өтті, себебі қатысушылардың барлығы қазақтың ұлттық киімдерін киіп, көрерменге нағыз ұлттық рухты сезіндіре алды. Бұл өз кезегінде шараның маңыздылығын арттырып, оның тәрбиелік мәнін күшейтті. Білім алушылар «Алтын мұра» және «Көшпенділер рухы» атты екі командаға бөлініп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге дайын екендерін көрсетті. Алдымен топтар таныстырылып, олардың ұстанымы мен мақсаты қысқаша баяндалды. Бұл кезеңде қатысушылардың белсенділігі мен шығармашылығы байқалды. «Білім бәйгесі», «Ұлттық құндылықтар мәні», «Сөз құдіреті», «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» бейнебаянда қазақ шеберлерінің сұрақтарына жауап берді. Ұлттық өнерді дәріптеу арқылы жастарға рухани тәрбие беру - өте маңызды міндет екені тағы бір дәлелденді. Сабақ соңында жеңімпаз команда анықталды.
«Сызба геометрия» пәні бойынша VIII Халықаралық және Республикалық олимпиада туралы
«Сызба геометрия» пәні бойынша VIII Халықаралық және Республикалық олимпиада студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, олардың шығармашылық және аналитикалық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.
Олимпиада Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде (ЕНУ), Дизайн және инженерлік графика кафедрасында өткізілді.
Олимпиадаға әлемнің әртүрлі елдерінен 60-тан астам студент қатысты. Қатысушылар қатарында келесі оқу орындарының өкілдері болды: Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан Республикасы), Ургенч мемлекеттік университеті (Қырғызстан Республикасы), Ресей Федерациясының жоғары оқу орындары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары — МОК КазГАСА (Алматы қ.), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ.), Тараз және Қызылорда қалаларының жоғары оқу орындары, «Болашақ» университеті, Қазақ технология және бизнес университеті (ҚазҰТБ), Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕНУ).
Олимпиада бірнеше кезеңнен өтіп, сызба геометрия пәні бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындауды қамтыды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, алған білімдерін тәжірибеде қолдану қабілетін, сондай-ақ логикалық және кеңістіктік ойлау дағдыларын көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Аталған іс-шара студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытуға, оқу орындары арасында тәжірибе алмасуға және инженерлік пәндерге қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
Жалпы, олимпиада жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушылар мен жетекшілер тарапынан оң баға алды.
#ену30жыл
@enugumilyov_official@asf.enu@nauka_enu
🍀Қалдықсыз болашақ: Астанада "СYCLELAB болашақ экологиясы" студенттік жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды Қазақстанның қайта өңдеушілер қауымдастығы мен "Жасыл даму" АҚ ұйымдастырып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тұрақты даму орталығымен бірлесіп өткізді.
🍀Іс-шараға "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылды.
Бас демеуші Банк ЦентрКредит. Салтанатты жиынның құрметті қонағы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Шияпович Алиев болды.
Байқауға Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарынан 16-30 жас аралығындағы ЖОО студенттері қатысты.
Нәтижелі үздік 10 жоба финалға шықты.
✅️ Финалда өз жобаларын қорғаған
"Сәулеттік дизайн" білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Сәрсенбаева Индира және "Экология және табиғатты пайдалану" білім беру бағдарламасының студенті Шералы Ұлжан минстрдің дипломымен марапатталды.
Байқауға қатысуға студенттерге бағыт беріп, жетекшілік еткен "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасының аға оқытушысы Р.Т.Болысбекова минстрдің Алғыс хатымен марапатталды.
Белсенді студенттер мен әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!
@csd_enu Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
@enugumilyov_official@asf.enu@zhasyl_damu
"Дизайн және инженерлік графика" кафедрасында "ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2026" ХХI Халықаралық ғылыми конференциясы өтті
13 сәуір «Ғылым қызметкерлері күні» аясында өткізілген "ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2026" Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына арналған жас ғалымдардың ХХI Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі іс-шара студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттырып, олардың өзекті зерттеу бағыттарын көпшілікке таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды ғылыми конференция. "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасында Конференция үш бағыт бойынша секциялық жұмыстар аясында жүргізілді:
11.5 Сәулеттік дизайндағы цифрландыру және жасанды интеллект технологиялары
11.6 Графикалық дизайндағы цифрландыру және жасанды интеллект негізіндегі визуалды шешімдер
11.7 Білім беру мен ғылыми зерттеулердегі цифрландыру және жасанды интеллект технологияларының өзекті мәселелері секциясы.
Секциялық отырыстар барысында "Дизайн", "Сәулеттік дизайн" және "Графикалық дизайн" білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары белсене қатысып, ғылыми ізденістерімен бөлісті. Қатысушылар өз баяндамаларында зерттеу жұмыстарының өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін нақты айқындап, өз жұмыстарын сәтті ұсынды.
Жалпы конференция аясында 94 өтінім берілді. Оның ішінде 47 ғылыми баяндама тыңдалып, қызықты пікірталастар мен мазмұнды талқылаулар жүргізілді. Әсіресе, практикалық маңызы зор және тың идеяларымен ерекшеленген қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Конференция жас ғалымдарға кәсіби өсуге, шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруға және ғылыми ортада пікір алмасуға зор мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар болашақ дизайнерлер мен сәулетшілердің ғылыми әлеуетін арттырумен қатар, заманауи талаптарға сай жаңа көзқарастарды қалыптастыруға негіз болары сөзсіз.
@enugumilyov_official@asf.enu@nauka_enu
#ену30жыл #Ғылымжәнебілім
«Мәдениет және өнер» атты шеберлік сабақ
6 сәуәрде “Этнодизай” пәнінен педагогика ғылымдарының докторы Т.К. Самуратованың жетекшілігімен графикалық дизайн тобының білім алушылары белгілі этнодизайнер Карденова Бибигуль Лаубайқызының шеберханасында “Мәдениет және өнер” атты шеберлік сабаққа қатысты. Шеберлік сабақ қазақ мәдениетінің дәстүрлеріне терең бойлауға мүмкіндік берген ерекше тәжірибе болды. Шебер тек біліммен ғана емес, өзінің жеке тәжірибесімен де бөлісіп, мазмұнды, әсерлі әрі шынайы құнды ойларымен бөлісті. .
Этнодизайнер Б. Л. Карденова қазақ қолөнерінің танымлық, тәрбиелік мәніне тоқтала келе, ұлттық әшекей бұйымдардың жасалу жолдарына тоқталды. Белгілі болғандай, қазақ халқы ежелден күміске ерекше мән берген. Бұл тек оның әсемдігімен ғана емес, сонымен қатар символикалық әрі қорғаныштық мағынасына байланысты әшекейлер адамның ішкі күйінің бір бөлігі ретінде қабылданғандығын түсіндірді.
Шеберлік сабақ соңында Б.Лаубайқызы білім алушыларға күмістен жасалған қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын сыйға тартты. Бұл жай ғана сыйлық емес, дәстүрдің ұрпақтан ұрпаққа берілуінің белгісі болды.