@beisekeyev -тің осы әннің дәл осылай шығуына қандай қатысы бар екенін білесіздер ма? өзі де білмейд)
Кананың туған күнінде осы саксофонист баланы байқап қалдым. ойнағанын көріп, импровизациясына ауызым ашылып қарап отқам. сол кезде міндетті түрде бір әніме сакс партын қосам деп ойладым.
“салам, ойнағаның тамаша, есімім Батырхан”
“рақмет брат, танысқаныма қуаныштымын, мен де Батырханмын” деді)
@batoon__
мәәә міні белгі. ойладым, егер бір әнші Батыр мен бір саксофоншы Батыр қосылса, мүмкін…
Батырхан Шукеновтың тек әнші емес, кәсіби саксофоншы болғанын білетін бе едіңіздер?