Home 112batysPosts

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті

@112batys

🇰🇿Орал қаласы, Абай даңғылы 90 🆘112 🚒 101 Біздің сайт⬇️
Followers
18.7k
Following
50
Account Insight
Score
37.06%
Index
Health Rate
%
Users Ratio
374:1
Weeks posts
Департамент қызметкерлері кұзіретті органдармен бірлесіп су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.☀️🏝️ Шара барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіптілігі туралы ескертіліп, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі айтылды.🌊🚫
18 0
16 hours ago
🚨 Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары! Су айдындары маңында балалардың қауіпсіздігі — басты назарда болуы тиіс. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар. Қауіптің алдын алу — әрқайсымыздың міндетіміз! 🌊⚠️
54 0
17 hours ago
Өрт қауіпті кезеңге байланысты департамент қызметкерлері және «Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірге рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейд барысында тұрғындармен және демалушылармен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, от жағуға, құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге жол бермеу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар азаматтарға жадынамалар таратылып, орманды-далалы аумақтарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
27 0
17 hours ago
2026 жылғы 16 мамыр күні Шыңғырлау ауданы ТЖБ қызметкерлері дала және орман алқаптарында «Өрт қауіпті маусым кезіндегі ережелер», сондай-ақ су айдындарында «Балықшылардың судағы қауіпсіздігі» тақырыптарында рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шыңғырлау ауданы ТЖБ
27 4
1 day ago
📍 Макаров ауылдық округ саяжайында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Макаров саяжайында тұрғындармен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында: 🔥 ашық отты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері 🔥 қоқыс пен құрғақ шөпті өртеуге тыйым салу 🔥 электр сымдарының жарамдылығын тексеру 🔥 өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді. 🚤 Судағы қауіпсіздік ережелері Су айдындарында демалу кезінде келесі ережелерді қатаң сақтаңыз: ▪️ Тек рұқсат етілген, арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыз ▪️ Қатты ағын, белгісіз және терең жерлерге түспеңіз ▪️ Мас күйде суға түсуге қатаң тыйым салынады ▪️ Балаларды қараусыз қалдырмаңыз ▪️ Құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз (қайықта, катамаранда) ▪️ Суға секірер алдында түбін тексеріңіз ▪️ Қауіп белгісі қойылған жерлерден аулақ болыңыз Тұрғындарға жадынамалар таратылып, төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажеттігі ескертілді. ⚠️ Өрт қауіпсіздігін сақтау – әр азаматтың міндеті!
35 3
1 day ago
🚨 Орал қаласында «Жас құтқарушы» слеті ұйымдастырылды. 2026 жылдың 14–15 мамыр күндері Орал қаласында «Жас құтқарушы» балалар мен жасөспірімдер слеті өтті. Іс-шараны Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен Орал қалалық білім беру бөлімі бірлесіп, «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен мамандандырылған жасақ базасында ұйымдастырды. Слеттің басты мақсаты – өскелең ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге, алғашқы медициналық көмек көрсетуге және қауіпсіз өмір салтын ұстануға үйрету. Сонымен қатар, жас құтқарушылар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту да слеттің маңызды міндеттерінің бірі болды. Слетке қала мектептерінен 16 команда қатысты. 🏆 Жалпы командалық есеп бойынша: • І орын – №40 жалпы орта білім беретін мектебі • ІІ орын – №22 жалпы орта білім беретін мектебі • ІІІ орын – М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі Жүлдегер командалар Орал қалалық білім беру бөлімі мен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бірлескен дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар, қалған қатысушыларға слет кезеңдері бойынша сертификаттар табысталды. 🔥 Облыстық кезеңге жолдама алған №40 мектеп
175 18
2 days ago
Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі Мақсаты – жеке құрам арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және қызметкерлердің медициналық сауаттылығын арттыру. Шара барысында шылым шегу, энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну, ішімдік және есірткінің адам денсаулығына тигізетін зияны кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға зиянды әдеттердің ағзаға әсері, олардың қызметтік дайындығы мен жалпы өмір сапасына кері ықпалы туралы ақпарат берілді. Ашық диалог форматында өткен семинарға сала маманы қатысып, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
21 0
2 days ago
Департамент қызметкерлері №4 қалалық емханаға барып, медицина қызметкерлерімен балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, емхана қызметкерлеріне өздеріне қаралатын тұрғындарға, әсіресе ата-аналарға, бұл мәселе бойынша тұрақты түрде ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі жеткізілді. Балалардың өмірі мен денсаулығы – әрқайсымыз үшін маңызды! #балаларқауіпсіздігі #терезеқауіпті
17 0
2 days ago
Оралда ТЖМ қызметкерлері әйелге көмекке келді Орал қаласында Құрманғазы көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде лифт тоқтап қалып, ішінде әйел адам болған. Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетті. Арнайы құралдардың көмегімен лифт есігі ашылып, әйел адам қауіпсіз түрде шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. ☎️ 112 — әрдайым қасыңызда. Сотрудники МЧС пришли на помощь женщине в Уральске В Уральске в одном из многоэтажных домов по улице Курмангазы произошла остановка лифта, внутри которого находилась женщина. Получив сообщение, спасатели МЧС незамедлительно выехали на место. При помощи специального оборудования двери лифта были открыты, а женщина благополучно освобождена. Пострадавших нет. ☎️ 112 — всегда рядом.
64 5
2 days ago
✨ Отбасы — жүректің жылуы, өмірдің тірегі, бақыттың бастауы. Қандай биікке жетсек те, қандай жолдан өтсек те, ең қымбат жандар — қасымызда. ❤️ Бір шаңырақ астындағы күлкі, мейірім мен махаббат — өмірдің ең үлкен байлығы. Отбасы күні құтты болсын! Әр үйде береке, шаттық пен татулық орнасын! 🫶🏻🏡 Жоспарлау және жедел басқару орталығының бас маманы Зульфия Мурзагалиеваның отбасы
139 16
2 days ago
Еңбек етіп жанұям үшін, Махаббатым жанұям үшін, ЖАНҰЯ - ол менің күшім! ___ Халықаралық Отбасы күні құтты болсын!🫂💞 @okq_bqo
704 74
2 days ago
Отбасы – адам өміріндегі ең үлкен байлығы, мейірім мен сенімнің мекені. Отбасы күніне орай ТЖМ қызметкерлері әріптестерінің жанұяларына арнайы барып, мерекелік көңіл-күй сыйлап, ізгі тілектерін жеткізді. Қандай жауапты қызмет болмасын, оның артында қолдау көрсететін отбасы тұрады. Барша шаңыраққа амандық, татулық және бақыт тілейміз! Мереке құтты болсын! Жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-кинологы, Асан Ниязовтың отбасы #ОтбасыКүні #ТЖМ #ОтбасыҚұндылығы #Құтқарушылар #Қазақстан
241 71
3 days ago